Оны елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов күтіп алды
Астанаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оны елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов күтіп алды.
Шавкат Мирзиёев Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан және Түрікменстан басшыларымен бірге Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысады.