$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президенттің тапсырмасы бойынша Алматыда 1500 орындық жайлы мектептің құрылысы басталды

Ерболат Досаев Алмалы ауданындағы 1500 орынды мектеп құрылысының барысын тексерді

Президенттің тапсырмасы бойынша Алматыда 1500 орындық жайлы мектептің құрылысы басталды

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы мен Әуезов көшесі қиылысында салынып жатқан мектепке барды. Бұл мектеп 1500 орынды. Оны Алматы әкімдігі жобалық кеңсесінің қолдауымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Bazis Construction» ЖШС мердігерлік ұйымы салуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрылыс 2023 жылдың маусымында басталды және бүгінде бірқатар жұмыстар аяқталды. Мектепті 2024 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда. Жоба бойынша 326 орынды зал, 4 спорт залы, бастауыш сынып оқушыларына арналған 2 шағын спорт зал қарастырылдған. Бастауыш сынып оқушылары үшін кіру бөлек болады. Қала басшысы тұрақ аймағы мен айналма жолдарды салу үшін қосымша жерлерді сатып алу мәселелерімен шұғыл түрде айналысуды тапсырды.

Алмалы ауданындағы оқушы орындарының тапшылығы жағдайы салыстырмалы түрде  жақсы: оқушылардың жалпы контингенті 37 мың оқушыға  шаққанда орын тапшылығы 1 мыңнан сәл асады. Бүгінде ауданда 42 білім беру ұйымы бар, оның ішінде 29 мектеп мемлекеттік және 13 – жекеменшік.

Еске салсақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын Қазақстан Үкіметі 2022 жылы Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» атты  Жолдауын жүзеге асыру үшін қабылдаған болатын. Жобаның басты мақсаты-апатты нысандарды, үш ауысымды оқытуды және орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жою.

Серіктес жаңалықтары