Алматыда заңға бағынбаған 17 шетел азаматы елден шығарылды

Автор: Аманалина Тоғжан

Алматы полициясы 2 күн ішінде 111 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты

Фото: Polisia.kz

Алматыда заңға бағынбаған 17 шетел азаматы елден шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда ҚР көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған мақсатты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

«Алматы полициясы 2 күн ішінде 111 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның 23-і – Африка құрлығы елдерінің азаматы. ПД-ның қабылдап тарату мекемесіне жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 32 шетелдік орналастырылды. Әкімшілік соттың шешімімен 17 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 31 шақырушы тарап жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорындардың бірінің басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.