Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ-да филиалында заңсыз әрекеттің жолын кесу бойынша тергеу-жедел іс-шаралар кешенін жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Тергеу нұсқасы бойынша, қаскүнемдер жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке иелік ету тарихын өзгерту арқылы «жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесінде заңсыз модификациялау бойынша жұмыстар жүргізген», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Қвзіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 206-бабының 2-бөлігі (ақпаратты сыйымсыз жою немесе түрлендіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.