Оқиға Чапаево ауылынан 15 шақырым жерде болған
Орал – Атырау тасжолында ауыр жүк көлігімен соқтығысқан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғыды оқиға 1 қарашада сағат 9:30 шамасында Чапаево ауылынан 15 шақырым жерде болған.
«Тасжолда Volvo жүк көлігі мен ВАЗ-2114 соқтығысқан. Оқиға салдарынан жеңіл көліктің 2001 жылы туған жүргізушісі қаза тапты. Оның денесі құтқарушылар келгенше көліктен шығарылды. Жүк көлігінің жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.