Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 1 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.
«Республика аумағының басым бөлігінде атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанды. Тек елдің батысында, оңтүстігінде антициклон жотасынан ауа райы жауын-шашынсыз болады», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, облыстың орталығында жаяу бұрқасын болады.