Тимур Тоқтабаевқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
Бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде мемлекетке Қостанай облысындағы «Шевченковское» бірегей кен орны қайтарылды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім еткендей, Мемлекет басшысының заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау барысында мемлекетке бірегей никель мен кобальт кен орнын қайтарылды.
Кен орнында никель (1,075 млн тонна) және кобальт (585,9 мың тонна) қоры бар. Пайдалы қазбалар қорларының құны 5,6 трлн теңгеден асады.
«27 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының Т. Тоқтабаевқа қатысты үкімі жарияланды. Ол пайдалы қазбалардың ірі қорлары бар кен орындарын онымен үлестес тұлғаларға беру кезінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды», - делінген Антикор хабарламасында.
Тоқтабаевқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасынан айырылып, қымбат мүліктері:
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет активтерді қайтару бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.