Қаза тапқан кеншілердің тізімі қашан жарияланады

Автор: Аманалина Тоғжан

Кейбір кеншілердің ДНҚ сараптамасы қажет

Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов қаза тапқан кеншілердің тізімі қашан жарияланатыны жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Қазір қаза тапқан 6 кеншінің кім екенін анықтап жатырмыз. ДНҚ сараптамасын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Осыдан кейін (қаза тапқан кеншілердің тізімі туралы) айтуға болады. Бұл жұмыс 3-4 күнді қажет етеді»,- деді ол.

Министр атағандай, алғашқы 40 кеншінің денесі бірден табылған.

«Соңғы табылған кеншінің мәйіті бөлшектеніп кеткен. Сондықтан ДНҚ сараптамасы қажет», - деді ол.

Еске салсақ, 28 қазан күні «Костенко» шахтасында апат болып, 46 кенші қаза тапты.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ