Азиаданың қорытындысына баға беру қиын – министр

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол кім кінәлі айту қиын екенін айтты

Фото: Ақорда

Үкімет отырысының кулуарында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайда өткен Азиаданың қорытындысына баға беру қиын екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Биыл жыл соңына дейін, келер жылы шілдеге дейін барынша көп лицензия алуға талпынамыз. Кім кінәлі екенін айту қиын. Содан кейін барып қорытынды шығарамыз. Қазір айту қиын. Қазір бастысы, спортшыларды дайындау

Өйткені жаңа дайындық кезеңі басталды. Азиададан кейін бәрін саралап, сараптаймыз. Содан кейін Олимпиадаға жаңа күшпен дайындала бастаймыз», - деді ол.

Еске салсақ, Қазақстан Азия ойындарында медаль саны бойынша 11-ші орында қалған еді. Ел спортшылары байрақты бәсекеде 80 медаль (10 алтын, 22 күміс, 48 қола) иеленген.