Костенко шахтасындағы апат: 23 адам ауруханада жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың арасында құтқарушылар мен кеншілер бар

Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған апаттан зардап шеккен 23 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында құтқарушылар мен кеншілер бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, екеуінің жағдайы ауыр, қалғандарының жағдайы орташа деңгейде. Бастысы, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге консультациялық көмек көрсету үшін Астанадан Қарағандыға білікті дәрігерлер тобын жөнелткен болатын.

Соңғы деректер бойынша, шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілер саны 36-ға жетті, 10 кеншіні іздеу жүмыстары жалғасуда.