Путин Костенко шахтасындағы қайғылы жағдайға байланысты Тоқаевқа көңіл айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Кремльдің ресми сайтында жарияланды

Фото: Sputnik Қазақстан

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған қайғылы жағдайға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Кремльдің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтып, қолдау білдіремін, жер астында қалған кеншілерді құтқарады деп үміттенеміз», – деді Ресей президенті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайғыла жағдайға байланысты 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.