«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі шахталардың жұмысы уақытша тоқтатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Мұндай шешімнің қабылдануына не себеп болғаны әзірге белгісіз

Фото ашық дереккөзден

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясына тиесілі 8 шахтаның жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінде барлық шахталардың жұмысы тоқтатылғанын растады.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің шахталарының жұмысы алдағы тәулікте тоқтатылды.  Осы уақыт ішінде газды қорғау бойынша тексерулер жүргізіледі», - деп хабарлады АМТ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін Костенко шахтасындағы жарылыстан 28 кенші қаза тапты. Әлі 18 кенші іздестіріліп жатыр.