Костенко шахтасындағы апат: ТЖМ 22 адамның денесі табылғанын хабарлады

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушылар 24 кеншіні іздестіріп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында орын алған апаттан қаза тапқан 22 кеншінің денесі табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департамертінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының 55 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды.

«Жұмыстар екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде. Көрінетін жану ошақтары жоқ. Газ жағдайын бақылау, сынамаларды алу, сондай-ақ табылған қаза тапқандарды шығару жұмыстары жүргізілуде. Кейбір жерлерде көміртегі тотығының рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі байқалады. Қазіргі уақытта 22 адамның денесі табылды, 24 кенші іздестірілуде», - делінген хабарламада.