Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан кеншілер саны 20-ға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

18 адам ауруханаға жатқызылды

Фото ашық дереккөзден

Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 20 падамға жетті. Бұл туралы «АрселорМитталТеміртау» АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұған дейін шахтадағы апат салдарынан 16 кеншінің қаза болғанын хабарлаған едік.

Тағы 18 адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді.  

Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Сонымен қатар, Президент Үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы тапсырма берді.

 Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екендігін мәлімдеді.

Ал ҚР Бас прокуратурасы Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.