$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Костенко шахтасындағы апатқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды – Бас прокуратура

 Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды

Костенко шахтасындағы апатқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды – Бас прокуратура
Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өткен түнде Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі). Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары енгізілді. Жергілікті жерде тергеу жұмысын Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен ІІМ Министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіруде», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қарағанды облысындағы Костенко шахтасындағы жарылыстан 16 адам қаза тапқан болатын.

Серіктес жаңалықтары