Костенко шахтасындағы ТЖ: дәрігерлер зардап шеккен кеншілердің жағдайы туралы айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Ауруханаға 18 адам жеткізілді

Фото ашық дереккөзден

Дәрігерлер Қарағанды облысындағы Костенко шахтасындағы апаттан зардап шеккен кеншілердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы ауруханаға 18 адам жеткізілді. Бір адам реанимацияда жатыр.  

«Барлық қажетті мамандарды тарта отырып, консилиум өткізілді. 15 адам Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы Х.Ж.Мақажанов клиникасына көміртегі тотығымен улану белгісімен түсті. Біреуі ауыр дәрежеде көміртегі тотығымен улану, қалғандары жеңіл және орташа дәрежеде улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Екеуі Михайловкадағы Х.Ж. Мақажанов клиникасына түсті: біреуі реанимацияда ауыр жағдайда, екіншісі операциядан кейін травматология бөлімінде жатыр. Сонымен, стационарға 17 адам жатқызылды, бір адам амбулаториялық емделуге жіберілді», - делінген ресми хабарламада.

Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі.