Тағы 31 кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасуда
Қарағанды облысындағы Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 16-ға жетті. Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«252 адамның 205-і жер бетіне шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінген. 31 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда. Тіршілік белгісі жоқ 16 кенші табылды», - делінген хабарламада.
Апат орнында PVASS құтқарушылары жұмысын жалғастыруда. Штаб жұмыс істеп тұр.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко шахтасында болған оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі және Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70 ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін, сенім телефондары жұмыс істейді.