Оқиға орнында ТЖМ бөлімшелерінің 22 қызметкері жұмылдырылған
«АрселорМитталТеміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы аварияны жою бойынша штабқа оқиға орнына басшылық ету үшін ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов аттанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аварияны жою жоспары енгізілді. Қосымша тау-кен құтқарушыларының күштері енгізілуде.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 50 адамы және 8 бірлік техникасы тартылды.
Сондай-ақ, оқиға орнында ТЖМ бөлімшелерінің 22 қызметкері жұмылдырылған.
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) «жедел желі» телефондары ашылды.
Айта кетейік, бүгін түнде Қарағандыдағы Костенко шахтасында жарылыс болып, 11 адам қаза тапқан болатын.