Оқиғаның мән-жайы «Жетекке ерген жендет» деректі фильмінде баяндалады
Халықаралық террористік топтың идеологиясына уланған содыр биыл көктемде Түркістанда жарылыс жасамақ болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұсталған адам Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне келіп, зиярат еткен қауымның әрекетін «ширк» деп түсінген.
Тура жолдан адасқан қылмыскерді арнайы жасақ дер кезінде қолға түсірді. Бұл операция қалай жүргізілді?
Оқиғаның анық-қанығын бүгін, яғни 27 қазанда сағат 19:40-та AstanaTV арнасында көрсетілетін «Жетекке ерген жендет» деректі фильмінен қараңыздар.