Нурия Ниязова Палестина мен Израильдегі әскери-саяси жағдайдың күрт ушығуына байланысты жайтты мысалға келтірді
Сенатор Нурия Ниязова Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында жанжал аймақтарында жүрген қазақстандықтарға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сенатор Палестина мен Израильдегі әскери-саяси жағдайдың күрт ушығуына байланысты жайтты мысалға келтірді. Депутат ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматтарының қауіпсіз аймақтарға шығаруды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.
«Біздің азаматтардың көпшілігінде байланыс бар, бірақ елшілігіміздің өкілдеріне әрбір қоңырау шалу олардан үлкен сома шығып отыр. Өйткені олар роуминг арқылы сөйлесетіндіктен және көпшілігінің мұндай соманы төлеуге мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар сол аймақта роумингі бар операторлармен бәрі бірдей байланыса алмайды. Сондықтан Хаттама секілді өзгеше бірқатар шаралар әзірлеу қажет. Оған өзара нақты алгоритмі бар әртүрлі министрліктер тартылуы тиіс», - деді сенатор.
Депутат Ниязова осыған байланысты біздің азаматтарымызды роумингте қолдау мүмкіндігін ұйымдастыруды ұсынды. Бұл мәселені телефон және басқа да байланыстарды қамтамасыз ететін компаниялармен пысықтау керек.
«Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі Телемедицина орталығы арқылы төтенше жағдайдағы азаматтарымызға медициналық-консультациялық көмек көрсету мүмкіндігін әзірлеуі қажет. ТЖ министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жағдайды ескерту мессенджерлер мен СМС жіберу арқылы шаралар кешенін жасауы қажет. Сондай-ақ цифрландыру және әділет министрліктері шекара қызметімен тығыз байланыста жұмыс істеп, мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде, ТЖ жағдайы туындаған жағдайда қайда қоңырау шалу немесе ақпарат жіберу, қалай әрекет ету және эвакуациялауға қалай дайындалу керектігі туралы нұсқаулықпен жадынама жіберу мүмкіндігін әзірлесін», - деді депутат Нурия Ниязова.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ