Астанада спорт мектебі 178 млн теңгенің велосипедін заңсыз сатып алмақ болған
Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды
Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы бюджет және мемлекеттік сатып алу заң нормаларының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық прокуратура өкілдері хабарлағандай, спорт мектептерінің бірі мемлекеттік сатып алу порталы арқылы басқа заңды тұлғаның балансында тұрған «Astana Bike» жүйесіне арналған велосипедтерді сатып алу бойынша конкурсты жөнсіз жариялаған.
«Жоғарыда аталған әрекеттер Бюджет кодексінің 4-бабының 9-тармақшасына қайшы келеді және Жарғымен бекітілген мектеп қызметінің түрлеріне сәйкес келмейді.
Прокуратураның қадағалау актісімен 178 миллион теңгеге заңсыз сатып алулар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды», - делінген ведомство хабарламасында.