Республика күнінде ауа райы қандай болады

Алдағы күндері ауа температурасы күрт суытады

Республика күнінде ауа райы қандай болады

Синоптиктер 24-26 қазан аралығында Қазақстан бойынша ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК Мәліметінше, алдағы күндері амосфералық фронттардың әсерінен алғашқы ызғар мен түнгі уақытта аяз сезіле бастайды.

Республика бойынша екпінді жел соғып, жауын-шашын жауады. Кей өңірде жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Кей жерлерде көктайғақ болып, тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Скандинавия түбегі аудандарынан суық арктикалық ауа массаларының кіруіне байланысты батыста, солтүстік-батыста және елдің солтүстік аймақтарында күн күрт суытады. Мәселен, республиканың батысында түнде ауа температурасы -6+3 градусқа дейін, солтүстік-батыста 0-7 градусқа дейін, еліміздің солтүстігінде -5+5 градусқа дейін болады», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.