Қазақстанның үш елдегі елшілері тағайындалды

Автор: Мира Байбек

Мемлекет басшысының Жарлығы жарияланды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Индонезия, Мексика және Латвиядағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;  

Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген Жарлықта.

Айта кетсек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.