Бұл челлендж Республика күніне орай ұйымдастырылған
«Ұлттық киім - ұлттық рухтың айнасы!». Қарағанды мектептерінің бірінің оқушылары дәл осындай челленджді бастап, оны қала әкімдігінің қызметкерлері қолдады. Акцияның мақсаты - ұлттық киіммен жұмысқа келу, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда 25 қазанда Республика күні атап өтіледі.
Мереке қарсаңында № 62 Қарағанды жалпы білім беретін мектебінің ұжымы «Ұлттық киім – ұлттық рухтың айнасы!» атты челленджді бастап, оған барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақырады. Қарағанды әкімдігі де шет қалмады, қызметкерлер жұмыста ұлттық киіммен келді.