$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекет басшысы Қазақстанның геологиялық саласының ардагерлерін қабылдады

Кездесуда геология саласының өзекті мәселелері және оны ынталандыру бойынша ұсыныстар талқыланды

Мемлекет басшысы Қазақстанның геологиялық саласының ардагерлерін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің геология саласының еңбек сіңірген қайраткерлері – Ұлттық Ғылым академиясының академигі Серікбек Даукеевпен, «Меридиан Петролеум» ЖШС президенті Балтабек Қуандықовпен, Қ.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының директоры Батыр Жолтаевпен және «Минералдық ресурстар академиясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Болат Өжкеновпен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақоданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Президент геологиялық сала барлық жер қойнауын пайдаланудың үдемелі дамуының негізі және ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.

Мемлекет басшысының пікірінше, салаға, әсіресе геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу бөлігінде жаңа серпін қажет. Сондықтан жақында Жолдауда Үкіметке 2026 жылға қарай геологиялық-геофизикалық зерттеу аумағын 2,2 млн шаршы шақырымға жеткізу міндеті қойылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, шетелдік инвесторларды, капиталды және заманауи технологияларды тарту мақсатында геологиялық барлауға кешенді шаралар қабылдануда. Бұл ретте инвестициялар үшін геологиялық саланың ашықтығы мен мемлекет мүдделерін қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды.

Сонымен қатар геология саласының өзекті мәселелері және оны ынталандыру бойынша ұсыныстар талқыланды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлерге отандық геологияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары