Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

 

Қалған өңірлерде метеорологиялық жағдай қалыпты

Фото ашық дереккөзден

Бүгін, 18 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 18 қазан, сәрсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Риддер қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.