Қарағанды облысында мыңнан астам дәрігерге сыйақы берілді
Олар бір айлық жалақы көлемінде сыйақы алды

Қарағанды облысының 1 500-ге жуық дәрігері бір айлық жалақы көлемінде сыйақы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Оның 540-ы вахталық әдіспен карантин-госпитальдарда жұмыс істеп жатқандар. Қазір өңірде 13 адам ем қабылдауда, 600-ге жуығы карантинде.
Айта кетейік, дәрігерлерге арналған арнайы қорғаныш киімдер мен бетперделер үздіксіз жеткізіліп жатыр. Алдағы уақытта 300 мың термометр және 20 мың респиратор сатып алынады. Сондай-ақ қауіпті індетті дереу анықтауға мүмкіндік беретін экспресс-тестер де көп ұзамай жеткізілуі тиіс.
«Облыстық бюджет қаражаты есебінен 100 мың экспресс-тест сатып алынды. Олар жақын арада біздің емханаларға жеткізіледі. Тестілеу клиникалық себептер болған жағдайда Қарағанды облысының тұрғындары үшін тегін жүргізіледі», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.