«Ирина Кайратовна» тобының концертінде мобилограф қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы топ мүшелері сахнада мәлім етті

Бейнеден кадр

Астанада «Ирина Кайратовна» тобының концертінде мобилограф қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әртістер бұл туралы сахнаға шығып хабарлады. Топ мүшелерінің қайғылы оқиға туралы айтқан сәтінің видеосы әлеуметтік желіде таралды.  

Белгілі болғандай, мобилограф концерт алдында құлап, көз жұмған. Қайғылы оқиғадан соң концерт тоқтатылды.