Бүгін ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтеді
Мемлекет басшысы Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше елдердің мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады.
«Мемлекет басшысын Бішкек халықаралық әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Ала-Арча» резиденциясында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.
Айта кетсек, бүгін Бішкек қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтеді.