Сенаторлар судьяларды қызметінен босатуға дауыс берді
Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Сіздердің қарауларыңызға Мемлекет басшысының Сембек Баймахановты, Өміртай Ыбыраевты және Ұлболсын Сүлейменованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Сот судьялары лауазымдарынан босату туралы ұсынысын енгіздік. Барлық судьялар зейнет жасына толған және жұмыс өтілі 28 жылдан 37 жылға дейінгі аралықта. Олар судьялар қауымдастығында лайықты беделге ие. Сіздердің қолдауларыңызды сұраймыз», - деді Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп.
Сенаторлар судьяларды қызметінен босатуға дауыс берді.