460 адам эвакуацияланды: Павлодарда белгісіз біреу сауда орталығына бомба қойылды деп хабар таратқан

Автор: Azattyq Rýhy

Сауда орталығының ғимаратынан жарылғыш зат табылған жоқ

Фото ашық дереккөзден

Павлодардағы ең ірі сауда және ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына саперлар мен өрт сөндірушілер барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД мәліметінше, ғимараттан келушілер мен қызметкерлер, барлығы 460-қа жуық адам эвакуацияланды.

«Сағат 14.09-да «Batyrmall» СОСО ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына 9 техника мен жеке құрамнан 31 адам шықты. Эвакуациялауды сауда орталығы мен 102 қызметкерлері жүргізді», - делінген ТЖД хабарламасында.

Сауда орталығының ғимаратынан жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған факт Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелді.