Аманжол Әлтай: Ауыл мектептерінде білікті педагогтардың тапшылығы – өзекті мәселе

Azattyq Rýhy

Халық қалаулысының пікірінше, ендігі міндет – білім беру сапасын, ұстаздардың біліктілігін арттыру

Аманжол Әлтай: Ауыл мектептерінде білікті педагогтардың тапшылығы – өзекті мәселе
Фото ашық дереккөзден

Соңғы төрт жылдың ішінде мемлекет басшысы жүргізген реформалардың ішінде білім мен ғылым саласына, ұстаз мәртебесінің өсуіне ерекше мән берілді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президент «Білім мен ғылым - табысқа жетудің ең маңызды кілті» деп, халқы бақытты, бақуатты мемлекет болу үшін білім мен ғылымның дамуы ерекше маңызды екенін атап өтті. Ұстаз деген атқа лайық абзал тұлға болу үшін үлкен жауапкершілік керектігін ескертті. Білім беру саласына қатысты бірнеше маңызды мәселелерге тоқталды. Соңғы төрт жылдың ішінде мемлекет басшысы жүргізген реформалардың ішінде білім мен ғылым саласына, ұстаз мәртебесінің өсуіне ерекше мән берілгені ақиқат. Атап айтқанда: Педагог мәртебесі туралы заң қабылданды, ұстаздардың жалақысы екі есеге өсті, 220 педагог шетелдерде білімін жетілдірді, басқа да жақсы қамқорлықтарды айтуға болады», - деді депутат.

Халық қалаулысының пікірінше, ендігі міндет – білім беру сапасын, ұстаздардың біліктілігін арттыру.

«Бұл жөнінде Президент баяндамасында жан - жақты тарқатып айтты. Өйткені, ұстаз біліктілігінің, кәсіби деңгейінің артуы  білімді, интелектуалды, жаңа заманға қабілетті ұрпақтың қалыптасуына, ұлт сапасының артуына ықпал етеді.  Ауыл мектептерінде білікті педагогтардың тапшылығы, материалдық базасының әлсіздігі – назар аударатын өзекті мәселе. Жаңа технология қарқыны күн сайын үдеп бара жатқан бүгінгі күрделі кезеңде көштен қалмау үшін білім мен ғылым саласында дер кезінде нәтижелі реформалар жасалу керектігін Президент алға тартты.  Жұмыс берушілер үшін диплом емес, жас мамандардың кәсіби біліктілігі, икемділігі маңызды», - деп атап өтті Аманжол Әлтай.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.