«Бүкіл ұлт болып толғанатын мәселе»: депутат Президент көтерген мәселелердің маңыздылығын айтты

Azattyq Rýhy

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бүкіл халық алдындағы ортақ міндет

«Бүкіл ұлт болып толғанатын мәселе»: депутат Президент көтерген мәселелердің маңыздылығын айтты
Фото: t.me/aqorda_resmi

Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ұстаздар қауымының алдында еліміздегі білім саласының өзекті мәселелеріне тоқталып, бірнеше бағытта нақты тапсырмалар берді. Еліміздің ертеңі - білімді ұрпақ. Ал осы ұрпақтың саналы, білімді, тәрбиелі болып өсуі алдымен ата-аналардың одан кейін ұстаздардың қолында. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгінгі сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы, сонымен қатар, ЖОО жастарымыздың тәрбиесі мен білім алуы жолындағы проблемаларының шешілу жолдарына баса назар аударды. Біріншіден, мектепке дейінгі тәрбие саласына 30% жалақысына қосылғаны және оны алдағы уақытта жоғарылату қажеттілігін, екіншіден, педагогикалық білімі бар жастардың өз мамандығы бойынша басым бөлігі жұмысқа орналаса алмайтындығын, үшіншіден, жыл сайын демографияның өсіп келе жатқандығына байланысты мектептердің жетіспеушілігін шешу, төртіншіден, ауыл мектептері мен қала мектептері арасындағы білім алшақтығын қысқарту, бесіншіден, қазіргі мектердегі оқушылар қауіпсіздігі мәселесін шешу тұрғысында сөз болды. Оқу ағарту және Ғылым мен жоғары білім министрлігінің алдында осы тапсырмаларды орындауға байланысты үлкен міндет тұр. Бұл міндет тек министрлік пен үкіметтің алдындағы міндет емес, бүкіл халықтың алдындағы баршамызға ортақ міндет», - деді депутат.

Мәжіліс депутаты Мемлекет басшысының педагогтер алдындағы жолдауында бүкіл ұлт болып толғанатын мәселелердің қозғалғанын атап өтті.

«Ел президентінің бүгінгі білім қызметкерлерінің алдындағы жолдауы шын мәнінде баршамызды алаңдататын, болашағымызға алыстан көз жүгіртетін, бүкіл ұлт болып толғанатын мәселе. Баршаңызды ұлтымыздың болашағы мен мемлекетіміздің тұтастығын мәңгілік ұстап тұратын жастарымыздың болашағы деп білуіміз керек», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.