«Оқытушыларға қысым жасауды тоқтату керек»: депутат Президент ұсынысына қолдау білдірді

Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы бүгінгі педагогтердің Республикалық съезінде жетістіктермен қатар біршама мәселелерді жеткізді

«Оқытушыларға қысым жасауды тоқтату керек»: депутат Президент ұсынысына қолдау білдірді
Фото: t.me/aqorda_resmi

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздармен кездесіп Республикалық педагогтер съезінде баяндама жасады.  Президент көтерген мәселелердің мән-маңызы туралы Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президент өз сөзінде: «Бүгін, шын мәнінде, өте маңызды жиын. Себебі ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал, ұстаз болу – қастерлі міндет», - деп атап өтті. Сонымен қатар бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүргендігін және де кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты  деп сөзін жалғады. Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген. 2019 жылы Президент бастамасымен «Ұстаз мәртебесі туралы» жеке заң қабылданса, соңғы жылдары мұғалімдер жалақысы 2 есе, тәрбиешілер айлығы 30 пайызға өскен болатын. Сонымен қатар Президент бүгінгі съезде мектептердегі маман тапшылығын да жеткізді», - деді депутат.

Депутат Президенттің айтқан ұсыныстары мен ұстаздарға деген ерекше құрметінін қолдайтынын жеткізді.

«Және де салалық министрлік біліктілік талаптарын жиі өзгерту арқылы оқытушыларға қысым жасауды тоқтатуы керек екенін айтқым келеді. Ойына не келсе, соны істейтін шенеуніктердің жүгенсіздігіне тосқауыл қою қажет. Мұғалімдер тыныш, тұрақты және алаңсыз жұмыс істеуге құқылы. Педагог кадрлардың 60 пайызға жуығы өңірлік жоғары оқу орындарында даярланады. Сондықтан өңірлер деңгейінде жас мұғалімдерді қолдаудың маңызы зор. Әкімдер педагогтерді даярлау және жұмысқа орналастыру үшін қолайлы жағдай жасауы керек», - деді Мемлекет басшысы. Ұстазы мықтының ұстамы мықты деген дана сөз бар! Шәкірті ұстазынан озып шықса, ол онда ұстазының мықтылығы дейді. Президент бүгінгі педагогтердің Республикалық съезінде жетістіктермен қатар біршама мәселелерді жеткізді. Және айтылған ұсыныстар мен ұстаздарға деген ерекше құрметін қолдаймын», - деді мәжілісмен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.