Жазатайым оқиға 25 қыркүйек күні орын алған еді
Астанадағы № 14 мектеп-гимназиясында баспалдақтан құлап, жарақат алған оқушы ауруханадан шығарылды. Бұл туралы елордалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Басқарманың мәліметінше, № 14 мектеп-гимназияда баспалдақтан құлап, жарақат алған бала емдеу мекемесінен шығарылып, үйіне жіберілді.
«Ол жазылып, үйіне шықты. Біздің білуімізде, баланың жағдайы жақсы», - деп хабарлады басқармадан.
Балаға қосымша медициналық бақылау қажет пе, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. Баланың алған жарақаттарына байланысты көру қабілетінің төмендеуі мүмкін бе, жоқ па, бұған қатысты да ешқандай ақпарат жоқ.
Айта кетейік, 25 қыркүйек күні Астанадағы №14 мектеп-гимназиясында мектеп оқушысы баспалдақтан құлап, ауыр жарақат алған еді.