Әйгілі сыйлық ғалымдарға электрондар табиғатын зерттегені үшін берілді
2023 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығы электрондар туралы зерттеуі үшін АҚШ, Германия және Швецияның үш ғалымына берілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Физика бойынша биылғы Нобель сыйлығының лауреаттары: Огайо университетінен (АҚШ) Пьер Агостини, Макс Планк институтынан Ференц Краус және Мюнхендегі Людвиг Максимилиан университетінен (Германия) және Лунд университетінен (Швеция) Энн Л'Хоулье.
Нобель комитеті өз шешімін сейсенбі, яғни 3 қазанда жариялады.
Сыйлық «заттағы электрондардың динамикасын зерттеу үшін аттосекундтық жарық импульстерін тудыратын тәжірибелік әдістер» үшін берілді.