Батыс Қазақстан облысындағы бір ауыл таратылады
Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданына қарасты Сұлусай ауылы таратылмақ. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешімінде жазылған, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округінің Сұлусай ауылы оның аумағы Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округінің Пугаче ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы осы бірлескен қаулы және шешімнің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген қаулыда.
Құжатты талқылау 17 қазанға дейін жалғасады.