Әділет вице-министрі азаматтық істер жайлы айтты
Мәжілісте Әділет вице-министрі Алма Мұқанова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Жоғарғы соттың мәліметтеріне сәйкес, әкімшілік әділеттің жаңа форматының бірінші жылында аяқталған істердің жалпы санынан талапкерлердің талаптары 4 474 іс бойынша толық немесе ішінара қанағаттандырылды (52%), қанағаттандырудан бас тартылды - 4 085 немесе 48%.ӘРПК қолданысының екінші жылы аяқталған істердің жалпы санынан талапкерлердің талаптары 5 732 іс бойынша (58%) толық немесе ішінара қанағаттандырылды, 4 222 іс бойынша (немесе 42%) бас тартылды», - деді ол.
Вице-министр атағандай, ӘРПК қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік органдарда азаматтармен және заңды тұлғалармен дауларда «жеңілген» істердің мұндай сыни көрсеткіштері болмаған.
«Мысалы, бұрын мемлекеттік органдар азаматтық істердің 70% - дан астамын жеңіп алған. Осылайша, әкімшілік орган, лауазымды тұлға қабылдаған (сотқа жететін) әрбір екінші шешімнің күшін сот жояды. Бұл факт қазірдің өзінде жүргізілген әкімшілік реформаның сәттілігі туралы айтады», - деді Мұқанова.