Республика бойынша тұман түседі
Синоптиктер 2 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін еліміздің басым бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста, елдің орталығында атмосфералық фронттар өтіп, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, күндіз елдің орталығында екпінді жел, күндіз орталықта бұршақ жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-2 градус үсік жүреді.
Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.