Жалданып қой баққан: Шымкентте 48 жастағы ер адам 3 айдан бері табылмай жатыр

Azattyq Rýhy

Ол маусым айында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен

Жалданып қой баққан: Шымкентте 48 жастағы ер адам 3 айдан бері табылмай жатыр
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Шымкентте жалданып қой баққан 48 жастағы ер адам 3 айдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай АПБ-на жергілікті азаматша інісінің жоғалғанын айтып арызданды. Ол маусым айында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Әпкесінің айтуынша бауыры жалданып, қой бағумен айналысқан. Ұялы телефон қолдануды білмейді. Үйіне ай сайын келіп тұрған. Осы жолы ештеңе ескертпестен шығып кетіп, 3 айдан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.

Тансыкбаев Асен - 1975 жылы туған. Бойы 165-170 см, орта денелі, шашы қысқа қоңыр түсті. Үстінде қара шалбар, қара футболка, қара түсті аяқ киім болған. 

Егер, суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер бірден полицияның «102» арнасына немесе 98-07-10, 8700-097-13-13, 8775-777-23-07 нөміріне хабарласыңыздар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.