Республика бойынша тұман түсіп, екпінді жел тұруы мүмкін
Синоптиктер ел аумағында бүгін, яғни 30 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Солтүстік-батыс циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР басым бөлігінде жаңбыр жауады, түнде оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарына қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) түседі. Республика бойынша тұман, оңтүстік-шығыста, шығыста, күндіз орталықта екпінді жел тұруы мүмкін.
Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталуда.
Жамбыл облысында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары.