Курчатовта 64 отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды

Автор: Аманалина Тоғжан

Олардың арасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 18 бала бар

Бүгін Курчатов қаласында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 18 балаға, 6 көпбалалы отбасыға, 40 толық емес отбасына және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жандарға жаңа пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа пәтер иесінің арасында 78-жастағы Курчатов қаласының тұрғыны 6 бала тәрбиелеп отырған «Алтын алқа» иегері, көпбалалы ана Бахткан Муликова да бар. Кейуана келе жатқан «қарттар күні» мерекесі қарсаңында баспаналы болды. Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиев тұрғындарды қонысымен құттықтап, қалада тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары алдағы уақытта жалғасатынын жеткізді.

Бүгінде Олимпийская 35 және 37 көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің иесімен алдын ала келісім жасалып, үйлерді келесі жылы қалпына келтіру жұмыстары басталады. Сондай-ақ, Школьная 2 тұрғын үйін қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.