138 адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді
Ташкенттегі қоймада болған алапат жарылыс пен өрттен бір жасөспірім қаза тауып, 163 адам жараланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
«Зардап шеккендердің ішінде Республикалық шұғыл медициналық жәрдем орталығы мен оның Ташкент облысы бойынша филиалына, Ташкент қалалық жедел жәрдем ауруханасына, №1 қалалық перзентханаға, республикалық және қалалық клиникалық ауруханаларға 24 адам жатқызылды», - делінген хабарламада.
Қалған 138 адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.
Бұған дейін Ташкент әуежайы маңында алапат жарылыс болғанын жазған болатынбыз. Алдын ала болжам бойынша, қоймалар найзағайдан өртке оранған. Жарылыс толқыны эпицентрден 30 шақырым жерде сезілген.