Қызылордада коронавирус таралуына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылады

Автор: Azattyq Rýhy

Пойыздардың жүруіне де тыйым салынған

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам анықталды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің шұғыл штабы.

«Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 5 адам анықталды. Карантинде 318 адам жатыр», - делінген аталған хабарламада.

Осыған байланысты Қызылорда қаласының аумағына кіріп-шығуға 31 наурыз түнгі 00:00-ден бастап шектеу қойылады. Ал, 1 сәуірден бастап темір жол қозғалысына тыйым салынады.