Қостанай облысында психикалық ауытқуы бар адамдарға жүргізуші куәлігі берілген

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы облыстық прокуратура өкілдері хабарлады

Фото: tiempolibreguzman.com

Қостанай облысына қарасты Қарабалық ауданының прокуратурасы талдау барысында медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша көлік жүргізуге тыйым салынған адамдардың көлік құралдарын басқару фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Азамат М.А.М. жүргізуші куәлігін алғаннан кейін көлік құралдарын басқаруға тыйым салынатын созылмалы психикалық аурумен ауырғаны анықталды», - делінген прокуратура хабарламасында.

Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес оған көлік құралдарын басқаруға болмайтыны белгілі болды.

Осыған ұқсас факт тағы бір азаматқа қатысты дерек анықталды.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа жоғарыда аталған адамдардың көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату туралы талап арыз берді.

Сот тәртібімен көлік құралдарын басқару құқығы тоқтатылды.