26.09.2023, 11:47
Жаңалықтар
Қазақстанда карантин енгізіле ме – Ғиният жауап берді
Стационарларда емделіп жатқан науқастар бар
Фото: primeminister.kz
Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясының ахуалы жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Біз өткен жылғымен салыстырғанда көрсеткіштер 30 есеге азайғанын көріп отырмыз. Сондықтан жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Бүгінде стационарда денсаулығына шағым айтып, коронавирустан емделіп жатқан науқастар бар. Стационарлардың 2 пайызы ғана толтырылған. Елімізде 2 мың доза вакцина бар. Қытайлық вакциналар мен Pfizer бар. Барлық қалағандар тіркелу бойынша кез келген емханада вакцина ала алады», - деді ол.
Министр атағандай, елдегі эпидемологиялық жағдай тұрақты болғандықтан, ешқандай шектеу шаралары қарастырылып отырған жоқ.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды