"Ақпарат шындыққа жанаспайды": СІМ Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығуы жайлы

Автор: Аманалина Тоғжан

Еліміз ұйым аясында жұмыс істеп жатыр 

фото: ria.ru

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ҰҚШҰ ұйымына қатысты сұрақққа жауап берді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Брифинг барысында Смадияровқа "Қазақстан Арманиямен бірге ҰҚШҰ-дан шығады деген ақпарат бар" деген сауал қойылды.

"Қазір әріптестерімнен нақтылаймын. Бірақ ақпарат шындыққа жанаспайды. Армения өз талабын белгілесе,олардың мәселесі. Біз ұйым аясында әлі істеп жатырмыз. 1-2 күн бұрын ғана кездесіп, ұйымның дамуы мәселесін талқыладық. Біздің еліміз ұйымның құрылуына атсалысқан елдердің бірі", - деді Смадияров.

Еске салсақ, осыған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян ҰҚШҰ-ның тиімсіздігін айтып, сынаған еді.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ