МАГАТЭ-мен ынтымақтастық та қаралмақ
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Венадағы конференция жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
"25-29 қыркүйекте Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған Қазақстан делегациясы атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Венада өтіп жатқан бас конференциясының 67-сессиясына қатысады. Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы әлеуетін көрсету маұсатында “Қазатомпром” АҚ, Ұлттық ядролық институты мен Ядролық-физикалық институты ақпараттық стенд-павильон ұйымдастырды",- деді Смадияров.
Ол атағандай, конференция аясында МАГАТЭ-мен ынтымақтастық даму бойынша іс-шаралар қарастырылған.
"Алмасадам Сәтқалиев басқа ұлттық компаниялар мен МАГАТЭ-нің басшысымен екіжақты кездесулер өткізеді", - деді ол.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ