Аталған шешім прокурорлық қадағалау актілері бойынша бұзылды
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары АӨК субъектісінің жолданымы бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасында 2 млрд теңгеден астам сомаға субсидия төлеуді тоқтату дерегін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мемлекеттік органдардың төлемдерді тоқтата тұруына негіз болған шешімдері прокурорлық қадағалау актілері бойынша бұзылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, кәсіпкердің құқығы 948 млн теңге субсидия төлеу жолы арқылы қалпына келтірілді», - делінген СҚО прокуратурасының хабарламасында.
Қалған соманы төлеу бойынша жұмыс жалғасып жатыр.