Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
Сомали орталығындағы бақылау-өткізу бекетіне жасалған лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 21-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
AFP агенттігінің жазуынша, бұл туралы Сомали полицейі Ахмед Яре Адан мәлімдеген.
«Ғимарат қирандыларының астынан тағы мәйіттер табылғаннан кейін жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 13-тен 21-ге дейін өсті», - деді полиция қызметкері.
Сонымен қатар кем дегенде 45 адам зардап шекті. Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Еске салсақ, 23 қыркүйекте Беледуэйн қаласындағы бақылау-өткізу бекетінде жарылыс болды. Жанкешті жарылғыш зат толтырылған жүк көлігін басқарған. Оқиға салдарынан ондаған адам үйілген кірпіш пен бетон астында қалып қойды.